Ақтөбеде ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қатысуымен аймақта МӘМС енгізу бойынша аймақтық штаб отырысы өтті.

ӘМСҚ аймақтық филиалының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда облыстағы 875 мың халқының 7 мыңнан астам тұрғындарының МӘМС жүйесінде мәртебелері өзектілендірмеген.

Бұл азаматтардың мәртебелерін өзектілендіру бойынша жұмысты тезірек аяқтау тапсырылды.

Облыс халқының жартысынан астамы (478,4 мың адам) жеңілдікті санаттарындағы азаматтарға жатады. Олар үшін салымдарды мемлекет жасайды.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін ақтөбеліктер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 11,8 млрд теңге аударды.

2020 жылға қор филиалы мен медициналық қызметтерді жеткізушілер арасында 54 млрд теңгеден астам сомаға келісім-шарттар жасалды (ТМККК – 38 млрд теңгеден астам, МӘМС – 16 млрд теңгеге жуық).

Биыл филиал 60 медициналық жеткізушілермен жұмыс істейді, олардың 35-і мемлекеттік, 25-і жекеменшік медициналық ұйымдар.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін облыстағы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 35 медициналық ұйымдарның барлығында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылған. Олар арқылы МӘМС жарналарын төлеуге болады.

28.02.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу